Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да көкжөтелге шалдығу фактілері жиіледі

Соңғы жеті айда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімінде көкжөтелден 51 бала ем алып шыққан. Былтыр осы аралықта 10 балаға «көкжөтел» диагнозы қойылған.

— Нәрестелерде, әсіресе 6 айға дейінгі балада көкжөтел ауруы кезінде көкжөтел энцефалопатиясы дамиды, бұл – мидың өзгеріске ұшырауы. Сондай-ақ өкпесіне зақым келеді, диафрагмасы жарылып, арты ауыр пневмонияға апарады. Болашақта аурудан кейін созылмалы бронхит, конвульсиялық ұстамалар, психосоматика және невроздар пайда болуы мүмкін, –дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Гүлнар Сайлауқызы.

Маманның айтуынша, көкжөтелдің алдын алудың негізгі және жалғыз жолы –инфекцияға қарсы вакцинациядан өту.Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, науқастардың негізгі үлесі – бір жасқа дейінгі балалар.

Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, көкжөтелге қарсы вакцинация нәрестеге 2, 3 және 4 айында үш рет жасалады. Ревакцинация негізгі иммунитетті сақтау үшін 18 айда қойылады. Әрі қарай 6 жасында вакцинаның қосымша дозасы енгізіледі.

Балабақшадағы былық

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *