Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 369 млн. теңге өтемақы төленді

Қызылжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен 1067 отбасыға бүлінген мүлігі үшін 369 млн. теңге көлемінде өтемақы төленді. Жылыту маусымы басталғанша табиғи апаттың залалы тиген баспана иелеріне міндетті қаражат беріледі.

Облыстық қоғамдық кеңесте бірнеше мәселе қаралды. Оның бірі — тасқыннан зардап шеккендердің мәселесі. Мәселен, биыл Қызылжар ауданында 14 ауыл су астында қалып, салдарынан 1546 үйге зақым келген. Аудан әкімінің орынбасары Алма Нұрғалиеваның айтуынша, қазіргі уақытта 1387 үй бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

— Бүгіндері 980 үйді қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде, оның басым бөлігінде құрылыс басталып кетті. 28 тұрғын үй иелерімен мәселе бар. Олардың бесеуімен шетелде жүруіне байланысты хабарласа алмай отырмыз, қалғандарының құжаттары толық емес, олардың алтауы міне құжаттарын істетті. Бұл үйлердің 13-ін жөндеп, қалған 15-ін бұзу қажет. 1067 баспана иесі 150 АЕК мөлшерінде бүлінген мүлкі үшін өтемақы алды. Оларға жалпы сомасы 369 млн. теңге төленді, — деді Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Алма Нұрғалиева.

Ұлытау облысының делегациясы СҚО-да болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *