Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Зияткерлік меншік құқығын бұзғандарға жауапкершілік күшеймек

Мәжілістегі жұмыс тобы зияткерілк меншік құқығын бұзғандарға жауапкершілікті күшетуге бағытталған заң жобасын қарауды жалғастырады Бұл туралы Орталық коммуникаицялар қызметіндегі брифингте Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова айтты.

 — Парламент Мәжілісінің жұмыс тобы заң жобасын қарауға кірісті. 1 қыркүйектен бастап біз бұл жұмысты қайта қолға аламыз. Мазмұнына келер болсақ, авторлық құқықты қорғауға қатысты шағын новелла өте көп. Зағип жандардың құқығын қорғауға қатысты кейбір қосымша ерекшеліктерді қарастырып, жауапкершілікті арттырамыз, — деді Ботагөз Жақселекова БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, зияткерлік меншік құқығын тіркеу мерзімін қысқартуды көздейтін де новелла бар.

 — Мәселен, бүгінде патенттерге, өнертабыстарға, тауар таңбаларына қатысты жекелеген салаларда тіркеу 7 ай немесе одан да көп уақытты алады. Енді біз мұны жеделдетілген тәртіппен жасау үшін заң жобасына енгізіп жатырмыз. Өйткені бизнес барынша қарқынды дамып келеді және бұл үдерісті созып жібермеу үшін осындай новеллалар көзделген, — деді вице-министр.

СҚО-да көкжөтелге шалдығу фактілері жиіледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *