Петропавлда спорт күніне орай «FITNESS FAMILY FEST» шарасы өтті
Петропавлда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы және Fitness family Center-дің ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтар мен физикалық дамуды насихаттауға арналған «FITNESS FAMILY FEST» фестивалі өтті.
Шарада жеке тұлғаны дамытуға, отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және түрлі бағытта тәжірибе алмасуға арналған шаралар ұйымдастырылды.
Орталық алаңға жиналған қауым асық атып, бес тас ойнап, тоғызқұмалақтан жарысқа түсіп, бақ сынасты. Шарада өңіріміздің спортшылары жаттықтырушыларымен бірге сахнада өнер көрсетті. Фитнес топтардың қойылымдары көрсетіліп, көрермендерге тоқсаныншы жылдардағы фитнес-жаттығуларға, йога, зумба (балалар мен ересектерге арналған), пилатес бойынша шеберлік сабақтарына қатысу ұсынылды. Ал көрермендер арасынан ең белсенді қатысушылар фестиваль ұйымдастырушылары мен демеушілерінен бағалы сыйлықтар алды.