СҚУ профессоры 80 жасқа толды
М.Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры Владилен Поляков 80 жасқа толды. Жоғары оқу орнының қабырғасында оны әріптестері мерейтойымен құттықтады.
Салтанатты шарала университтің басқарма мүшесі Рашит Белгібаев туған күн иесін құттықтап, СҚО әкімінің құттықтауын оқып берді.
– Мерейтойыңызбен құттықтауымызды қабыл алыңыз! Сізге зор денсаулық тілейміз! Көптеген қызықты идеяларыңыз бен жоғары жетістіктеріңіз көп болсын. Дарынды білім алушылар қатары арта берсін, — деді Рашит Белгібаев.
Владилен Поляков 40 жылдан астам уақыт бойы Қозыбаев университетінің ғылыми әлеуетінің дамуына зор үлес қосып келеді. Ол бальзам терегіне негізделген биологиялық белсенді препараттарды жасау бойынша ғылыми мектептің негізін қалаушы болды. Студенттерімен бірге онкологиялық аурулармен және туберкулезбен күреске қатысты бірқатар еңбектерді жазды.
– Біз теректі пайдаланып, науқастарға дәрі-дәрмек шығардық, — деді профессор.
Владилен Васильевич С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ол СҚУ-да 1980 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2000 жылы Қарағанды органикалық химия және көмір химиясы институтында докторлық диссертациясын қорғады.
Студенттер әскери ант қабылдады