Сотталған азамат анасымен 1 жарым жылдан соң қауышты
СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №66 мекемесінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылатын «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы қолға алынды.
Түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың бірі үшін көптен күткен күн туды. Заңда белгіленген жаза мерзімінің жартысынан астамын өтеп, келтірілген залалдың толық сомасын өтеп, ол өзінің түзелгенін дәлелдеді және сот шешімімен сотталған адамға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза бас бостандығын шектеумен ауыстырылды. Осындай маңызды күнде қақпа алдында оны анасы мен әпкесі қарсы алды.
Ұлының туған анасымен көптен күткен кездесуі нағыз тосын сый болды, себебі олар бір-бірін бір жарым жылдай көрмеді. Белгілі болғандай, сотталғанның анасы басқа елде тұрады екен.
– Бірнеше жылдан бері мен Ресейде тұрамын, ұлыма жиі келуге және баруға мүмкіндік болмады. Алайда оның босатылатынын білгенде, мен бірден жолға билет сатып алдым. Енді мен уақытша осында қалып, ұлыма көмектесуді жоспарлап отырмын. Мекеме қызметкерлері мен әкімшілігіне психологиялық көмек көрсеткені үшін, ұлымның түзелуіне атсалысқаны және жаңа өмір бастауға мүмкіндік бергені үшін зор алғысымды білдіремін, – деді сотталғанның анасы.
– Мекемеге келгеннен кейін сотталған адам аздап абыржылу болған. Біз жеке тәрбие жұмысының жоспарын құрастырдық, онымен мекеменің психологы, жасақ бастығы және басқа да қызметтер тұрақты негізде жұмыс істеді. Біраз уақыттан кейін сотталған адам түрлі тәрбиелік және спорттық іс-шараларға қатыса бастады. Осылайша, сотталған адам өзінің түзелгенін дәлелдеді және бас бостандығынан айыру жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Оны одан әрі бақылауды пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері жүзеге асырады, – деді жасақ бастығы Еркебұлан Құрбаниязов.
СҚО-ның 49 тұрғыны коронавирус жұқтырды