Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау мақсатында зерттеу жүргізіледі

Ұлттық статистика бюросы 29 қарашаға дейін 24 мың пәтер-үйді аралап, сауалнама жүргізбек. Мақсат – елімізде балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін қажет негізгі көрсеткіштерді жинау.

Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, қажетті ақпаратты жинау үшін ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) қолданылады.

Зерттеу 2 қыркүйек басталды. СҚО-да қала-ауылдан 1500-ден астам үй шаруашылығы қамтылады. Сауалнаманы интервьюерлер жүргізеді, олар — ұлттық статистика бюросы департаменттің қызметкерлері.

— Интервьюерлердің арнайы логотиптері бар киім киіп, бейдж тағады. Әрбір бейджде сауалнама туралы сенімді ақпарат алуға болатын ресми веб-сайттың QR сілтемесі көрсетіледі. MICS аясында бес негізгі сауалнама парағы болады, олар: үй шаруашылығының сауалнамасы; әйелдерге арналған сауалнама; ерлерге арналған сауалнама; бес жасқа дейінгі балалар туралы сауалнама және бес жастан он жеті жасқа дейінгі балалар туралы сауалнама. Әр сауалнама тұрмыс пен денсаулықтың түрлі аспектілерін қамтиды. Барлық сауалнама бейінді мемлекеттік органмен келісілген. Мысалы, әйелдер мен ерлерге арналған сауалнамада жұмыспен қамту және оқыту, неке, психикалық денсаулық мәселелері қамтылған. Әйелдерге арналған сауалнамада босану және босанғаннан кейінгі көмек туралы қосымша сұрақтар бар», — дейді департамент басшысының орынбасары Жұлдыз Нұрғалиева.

Маманның айтуынша, сауалнамаға қатысу ерікті, алынған ақпарат анонимді сақталып, тек статистикалық мақсаттарда пайдаланылмақ. MICS іске қосылған 1996 жылдан бері 118 елде осындай зерттеу жүргізілген.

«Ұлы дала жорығы» марафоны СҚО-дан басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *