«Ұлы дала жорығы» марафоны СҚО-дан басталды
Бүгін Айыртау ауданы Лобаново ауылында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында «Ұлы дала жорығы« халықаралық марафоны басталды. Оған Қырғызстан, Татарстан, Кабордино—Балқар Республикасы, Карачево—Черкес республикасы, Иран, Түркия, Венгрия, Африка және Оңтүстік Қазақстан мен өзге облыстардан 17 команда қастыспақ.
Биылғы марафонға 85 шабандоз сәйгүліктерін сайлап келді. Спорттық шара бес кезеңнен тұрмақ. Шабандоздар өз аттарында күніне 100 шақырым жүру міндеті тұр. Олар Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары мен Астана қаласы арқылы өтпек.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл ауқымды іс-шараға ұлттық, этникалық спорт түрлерін, ең алдымен ат спорты түрлерін, жекпе-жек түрлерін, зияткерлік ойындарды және т. б. дамытатын халықаралық ұйымдар шақыртылды.