Жарияланған күні: 04.09.2024
Су тасқынының салдарын жоюға атсалысқан мехбригадалар марапатталды
Бүгін облыс әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынынан кейін үйлерді қалпына келтіруге атсалысқан мехбригадалар мен бекітілген аудан әкімдерінің орынбасарларын марапаттады.
Биыл өңірде 2 мыңға жуық үй тұруға жарамсыз, 1899 үйді қалпына келтіруге болады деп танылды. Барлық аудандар мен қаладан бірден 95 мехбригада құрылып, үйлерді жөндеуге 713 адам тартылды. Тұрғындар 261 үйді қалпына келтіруді мехбригадаларға тапсырса, баспана иелері 1638 үйді өздері жөндеуге шешім қабылдады. Бүгін тынымсыз еңбектің жемісін көріп отырмыз – үйлер жөнделді, 1947 үй сүрілді.
— Соңғы 5 айда барлық мехбригадалар ұйымшыл болып жұмыс істеді. Мұның бәрі ортақ мақсат — зардап шеккендер тезірек үйлеріне оралуы үшін жасалды. Бүгін марапат өз қаһармандарын тапты, олардың адал және тынымсыз еңбектері үшін алғыс білдірдім, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.