Жарияланған күні: 05.09.2024
СҚО-да коронавирусқа 54 адам шалдықты
Жыл басынан бері облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың 54 дерегі тіркелді. Қауіпті індеттен қайтыс болғандар жоқ. COVID-19 вирусын жұқтырғандарда «Омикрон» штаммы анықталды.
— Індетке шалдыққандардың басым бөлігі, яғни 46 пайызы (25 адам) Петропавл қаласының тұрғындары. Олардың 7-уі Мағжан Жұмабаев, 4-уі Мамлют, үшеуі Аққайың мен Тайынша аудандарында тұрады, — дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.
Қыркүйектің 15-нен бастап өңірде ЖРВИ мен тұмаудың алдын-алу мақсатында екпе егу шаралары басталатынын атап өткен жөн. Облыстың 60 мың тұрғынына тегін негізде екпе қойылады деп жоспарлануда.