Түрмеде мамандық алмақ
Облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Айыртау ауданындағы №51 мекемеде ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтеп жатыр. Колонияда жаңа оқу жылына орай салтанатты жиын өтті. Биыл сотталғандар еңбек нарығында сұранысқа ие — шебер-құрылысшы, газ-электр дәнекерлеуші, тігінші, көгалдандыру шебері, ландшафт дизайнері мамандықтарына оқиды. Биыл олардың қатарына омарташы және жібек құртын өсіруші қосылды.
— Оқу бағдарламасы 10 айға шақталған. Мамандар сотталғандарды арнайы әдебиеттерді, бейнематериалдарды зерделеу, сондай-ақ тәжірибе жүзінде оқытады. Көрнекілік үшін мекемеге ара ұялары, қорғаныс костюмдері және басқа да қажетті жабдықтар әкелінді. Жақында жібек құрттарын өсіруге арналған арнайы инкубаторлар орнату жоспарланған. Омарташылар мен жібек құртын өсірушілер бұл жәндіктердің физиологиясын, мінез-құлқын түсініп, оларға қамқорлық жасай білуі керек. Сонымен қатар, осы жәндіктердің өнімдерін жинап, өңдеуді де үйренеді, — дейді №51 мекеме бастығының орынбасары Светлана Спасская.
Маманның айтуынша, бұл кәсіптер нарықта бәсекеге қабілетті. Сондықтан сотталғандар жазасын өтеп шыққаннан кейін оңай жұмысқа орналаса алады немесе өз өндірісін ашуға мүмкіндіктері бар.
Ақжар ауданында Мәдениет үйі пайдалануға берілді