Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО жылыту маусымына дайын ба?

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жылыту маусымының қарсаңында Петропавл 2-ші ЖЭО-да болып, кеңес өткізді. Жиында жылу электр орталығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, жабдықтардың жағдайы мен алдағы қысқа дайындығын тексерді. Жаңғырту және жөндеу жоспарларының орындалуына ерекше назар аударылды.

Стансада №9 қазандық пен №3 турбоагрегатты күрделі жөндеу аяқталды. Сондай-ақ 9 қазандық пен 3 турбоагрегаттағы жабдықтарға ағымдағы жөндеу жасалды. №1  қазандық пен №6 турбоагрегатты күрделі жөндеу жалғасуда.  Айта кету керек, жылыту маусымын бастау үшін 5 қазандық пен 5 турбогенератор қажет, олар жұмыс істеп тұр.

— Станцияда көмір қоры да жеткілікті. Көмір  тұйықтарда да бар, сондықтан тұрғындарды қатты отынмен ертерек қамдануға шақырамын, — деп атап өтті өңір басшысы.

Оған қоса, жаңа мұржа салынуда. Атап өткен жөн, істеп тұрған екі мұржа қаланы жылумен қамтамасыз ете алады.

«Петропавл жылу желілері» ЖШС №3 жылу магистралін жаңғыртуды аяқтады. №6 жылу магистралін жаңғырту басталды. Барлығы 5 шақырымға жуық жылу желілері ауыстырылды. «СК РЭК» 246 км әуе желілерінде жұмыс жүргізді. Су тасқыны кезінде бұзылған жаңа электр бағандарын орнату аяқталуда.

Жалпы облыс бойынша 1 мың шақырымнан астам электр желісі, 8 шақырым жылу желісі, 7,4 шақырым су құбыры ауыстырылды. Облыс орталығының солтүстік бөлігін тұрақты жылумен қамтамасыз ететін жылу магистралі салынуда.

— Барлық жауапты тұлғаларға жылыту маусымы мәселелерін қатаң бақылауда ұстауды және қыста жылуды үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырдым, — деді облыс әкімі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *