Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да саңырауқұлақтан 7 адам уланды

СҚО санитарялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлованың айтуынша, биыл өңірде 7 адамның саңырауқұлақтан улану фактісі тіркелді.

Саңырауқұлақтармен уланудың негізгі себебі — жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды тани алмау, оларды дайындау технологиясын, сақтау шарттарын және оларды пісіру ережелерін бұзу. Жеуге жарамды саңырауқұлақты орманнан әкелгеннен кейін 4 сағат ішінде өңдеу керек, өйткені содан кейін ол улы зат бөле бастайды. Тамаққа тұтынар алдында міндетті түрде қайнату қажет.

— Саңырауқұлақты жолдардың бойында, қоқыс орындарының маңында жинауға болмайды, өйткені оның өз бойына жинап алатын абсорбция қасиеті бар. Жалпы саңырауқұлақтардың ішіндегі ең қауіпсізі – «түлкішек» деп аталатын сары түсті саңырауқұлақ. Олар ауыр металдардың тұзын сіңірмейді. Саңырауқұлақты базардан сатып алуға кеңес беремін. Өйткені, саудаға шығарылмас бұрын ол ветеринарлық зертханаларда мамандардың тексерісінен өтеді, — дейді Татьяна Горлова.

Дәрігердің айтуынша, саңырауқұлақтан уланған жағдайда 15-20 минуттан кейін белгілері пайда болады.

Тағы ескере кетер жайт, улы саңырауқұлақтар көбіне жеуге жарамды саңырауқұлақтардың жанында өседі және оларға өте ұқсас болуы мүмкін. Тіпті жеуге жарамды саңырауқұлақ, егер дұрыс дайындалмаса және сақталмаса, улы болуы мүмкін. Алкогольмен бірге жеу бірқатар токсинді белсендіріп, кешіктірілген уытты синдромның пайда болуына әкелуі мүмкін.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *