Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 268 өрт оқиғасы тіркелді

Жыл басынан бері облыс аумағында 268 өрт тіркелген. Салдарынан 17 адам қаза тауып, 31 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Оның ішінде иіс тиген 20 адамның 5-еуі – бала. 3 ересек адам иіс тиіп, көз жұмған. Дегенмен мамандар былтырғымен салыстырғанда өрт санының 36 пайызға азайғанын айтады. Ал тілсіз жаудан келген материалдық шығын 93 млн. 996 мың теңгені құраған.

Облыстың төтенше жағдайлар департаменті  мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжановтың мәліметінше, өңірде иіс тиіп улану деректері азаймай тұр. Жуырда 3 бала иіс тиіп, уланып қалған. Олардың екеуі қала тұрғындары. Улану себептерін анықтау барысында жеке тұрғын үйдегі пештің аузы дұрыс жабылмағандықтан, тұншықтырғыш газдың пештен шығып, 8 бен 12 жастағы ағайынды қос балаға иіс тигені анықталған. Олар пеш жағылған үйде өздері жалғыз отырған. Үйге келген ата-анасы балаларының бастары қатты ауырғанына күдіктеніп, облыстық ауруханаға өздері жеткізіпті.  Қазір балалардың жағдайлары жақсы. Алайда шалақындық қыздың неден уланғаны әлі күнге дейін белгісіз.

— Тіркелген өрттің 70 пайыздан астамы әдетте жер үйден шығады. Тұрғындарға қауіпсіздік ережелеріне мән беріп, қыс келмей тұрып пештерін бір тексеріп алу қажеттігін ескертеміз,- дейді Аслан Ахметжанов.

Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында департамент қызметкерлері жыл басынан бері 49 314 тұрғын үйді аралап, 103 мыңнан астам адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрғын үйлерді аралау нәтижесінде 1207 тұрғын үйде 1746 өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылғанын анықтаған.

СҚО-дан Отан алдындағы борышын өтеуге 500 жас жігіт аттанбақ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *