СҚО-да орташа гектар берекелігі 17,3 центнерден айналуда
Өңірде орақ науқаны қызу жүргізілуде. Бүгінге дейін 590 мың гектар жерден өнім жиналды. Жиналған астық көлемі миллион тоннадан асты. Орташа өнімділік гектарына 17,3 центнерден айналуда. Бүгінге дейін астықтың шамамен 17,8 пайызы орылды.
СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаевтың айтуынша, қоймаларға түскен 93 мың тонна бидайдың 48 пайызы — үшінші сұрыпты өнім. Күздің алғашқы жауынды күндері сапалы бидайдың үлесі төмен болса, бүгінде бұл көрсеткіш артқан.
— Мемлекет тарапынан күздік жұмыстарға арзандатылған жанармай берілген. Сонымен қатар жауын салдарынан ылғалдылығы жоғарылаған дақылдарды кептіруге 20 мың тонна дизель отыны бөлінді. Элеваторлар мен астық қабылдау пунктеріне сұйытылған газ үлестірілуде. Қыркүйектің екінші онкүндігі шуақты болады деп болжанып отыр. Былтыр осы уақытта бір млн. гектарға жуық алқаптың астығы жиналған еді. Биыл соның жартысы ғана орылды. Егер ауа райы кедергі келтірмесе, диқандар орақ науқанын дер кезінде аяқтауға тас түйін дайын, — деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.
СҚО мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды