Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-дан Отан алдындағы борышын өтеуге 500 жас жігіт аттанбақ

Күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде өңірден 00-ге жуық жас ер азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады деп күтілуде. Алғашқы легі Алматына қаласына жіберіледі. Бүгінде олардың саны — 10. 

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мерзімді әскери қызметке шақыру бөлімінің бастығы Әнуар Ибраевтың айтуынша, қазіргі уақытта облыста 14 мыңнан астам жігіт әскерге шақырылушы ретінде есепке алынған. Биыл көктемде өңірден 478 жігіт әскерге алынуы тиіс болса, соның 436-сы  әскери бөлімдерге жіберілген, жоспар  91 пайызға орындалыпты.

— Өңірден әскер қатарына алынған жігіттер еліміздің барлық дерлік өңірлерінде мерзімді әскери қызмет атқарады.  Алғашқы 10 адамды 13 қыркүйек күні Алматы облысына жібереміз. Олар шекара қызметінде әскери борышын өтейді. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 30-бабының негізінде шақыру қағазын алған азамат көрсетілген күні және сағатта жергілікті әскери басқару органына келуге міндетті. Себебі ол әскери есепте тұр. Әскерге шақырылушы медициналық комиссиядан өтіп, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтағаннан кейін мерзімді әскери қызметке шақыру туралы шешім қабылданады. Кейіннен әскери топ құру үшін облыстық жиын пунктіне жеткізіледі, — дейді Әнуар Ибраев.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта өңірде  743 адам әскерге барудан қашып жүр. Оларға іздеу жарияланған.

СҚО-да орташа гектар берекелігі 17,3 центнерден айналуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *