Мейрам Меңдібаев — Айыртау ауданының әкімі
ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, СҚО әкімінің өкімімен Мейрам Жақсылықұлы Меңдібаев Айыртау ауданының әкімі болып тағайындалды.
Мейрам Жақсылықұлы 1971 жылы 6 қарашада СҚО М.Жұмабаев ауданында туған.
Петропавл есеп-экономикалық техникумын «техник-құрылысшы», Көкшетау университетін «юриспруденция» және Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжін «жерге орналастырушы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы СҚО бұрынғы Булаев ауданы «Қазақстанға 40 жыл» совхозының құрылыс бөлiмiнiң ағаш ұстасы болып бастаған.
Кейін Булаев ауданы әкiмi аппаратының аудандық сәулетшiсi, Булаев қаласы әкiмi аппаратының бас маманы, СҚО жер ресурстарын басқару комитетiнiң бас маманы, СҚО М.Жұмабаев ауданы жер қатынастары бөлiмiнiң бастығы, Петропавл қалалық жер қатынастары бөлiмi бастығының орынбасары, СҚО әкiмдiгi жер инспекциясы басқармасының басшысы болып еңбек етті.
2018 жылғы қарашадан осы тағайындауға дейін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi жер ресурстарын басқару комитетiнiң жердi пайдалану мен қорғауды, геодезиялық қызметтi мемлекеттiк бақылау басқармасының басшысы болды.
Бұған дейін ол СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болды.