Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да әр 5-ші жол апаты трассада орын алады

ҚР Ішкі істер министрлігі жүргізген талдауға сәйкес орташа есеппен алғанда әр төртінші жол-көлік оқиғасы түнгі уақытта немесе қас қарайған уақытта болады. Бұл уақытта жолдың анық көрінуі төмендейді, жүргізушілер шаршайды.

Жол апатының алдын алу мақсатында полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері облыста 13-15 қыркүйек аралығында “Түнгі жол” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Түн болса да, қала сыртындағы жолдарда көлік қозғалысы азаймайды. Жол үстінде алысқа қатынайтын фуралар, құрылыс алаңдарында, егістік басында баратын ауыр жүк көліктері жүреді. Тәртіп сақшылары олармен профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізіп, жадынамалар таратты. Шаршау деңгейін анықтау үшін медициналық тексеруден өтуді ұсынды. Сондай-ақ полицейлер мен медицина қызметкерлері ұйқы қысқан жағдайда не істеу керек екенін айтты.

Қарапайым дене жаттығуларын жасау, суық сумен жуыну, ыстық шай ішу және т.б. Қажет болған жағдайда полицейлер жүргізушілердің алдына түсіп, оларды демалатын кемпингтерде жеткізіп, кофе мен бауырсақтар үлестірді.

– Облыста адамдар зардап шегетін әр бесінші жол-көлік оқиғасы республикалық маңызы бар жолдарда тіркеледі. Жыл басынан бері мұндай 59 дерек тіркелді, 17 адам көз жұмып, 113 адам жарақаттар алды. Бұл ретте профилактикалық жұмыстар өте маңызды және тұрақты түрде жүргізілетін болады, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Сотталғандар туыс-жақындарымен 7 айдан соң кездесті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *