Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да жылыту маусымына 604 мың тонна көмір қажет

Облыста алдағы жылыту маусымына дайындық қызу жүргізілуде. Бүгіндері Петропавлда кезек-кезегімен әлеуметтік нысандарға жылу беріліп жатыр. Жергілікті энергетика және ТҮКШ басқармасының мамандарының мәліметінше, өңірге қысқы мезгілде  604 мың тонна көмір қажет. 

СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта 405 мың тонна көмір әзірленген, оның 245 мың тоннасын жеке үй тұрғындары түсіріп алыпты. Яғни халыққа әлі 154 мың тонна көмір қажет.

— Бюджеттік мекемелер көмірмен 100 пайыз қамтылды. Жалпы облыс бойынша көмір сататын 36 пункт бар. Тұйықтарда 44,2 мың тонна, көмір жатыр. Ерекше сұранысқа ие Шұбаркөл, Қаражыра, Майкөбе көмірлерінің бағасы әртүрлі, маркасына және тұйықтың орналасқан жеріне қарай 12,5 мың теңгеден 22,5 мың теңге аралығында саудалануда, — дейді Данияр Қуанышбаев.

Ол биыл өңірде көмір жетіспеушілігі мәселесінің туындамайтынын айтты. Жақын күндері өңірге тағы 200 вагон, яғни 13800 тонна  көмір жеткізілмек.

11 жастағы қызды анасы пышақтады

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *