Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Ауылдың тауар өндірушілерін ынталандыратын байқау

Петропавлда «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының өңірлік бренд-комитетінің отырысы өтті. Нәтижесінде төрт кәсіпкер жеңімпаз деп танылды. Енді олар түрлі қолдауға ие болмақ.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасына қатысуға өңірден 24 өтініш түскен.

 — Қатысуға өтініш берген кәсіпкерлер өз өнімдерін 29 тамызда Петропавлда өткен көрме-жәрмеңкеде көпшілік назарына ұсынды. Көрме қорытындысы бойынша конкурстың ақтық кезеңіне 10 кәсіпкер өтті, олар кейін өз жобаларын өңірлік бренд-комитет алдында қорғады, — деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.

Қазылар алқасы құрт, ара шаруашылығы өнімдері, кір сабын, жүннен жасалған бұйымдар, ешкі сүтінен жасалған өнімдер, тосап пен джем, кондитер өнімдері арасынан үздіктерді анықтады.

Бренд-комитеттің шешімімен кір сабын жасайтын «Береке» жеке кәсіпкерлігі, құрт  әзірлейтін  «Досходжаев» жеке кәсіпкерлігі, тосап-джем қайнататын «Аружан» жеке кәсіпкерлігі және ешкі сүтінен түрлі өнім дайындайтын «Тамаша» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз атанды.

Жастар есірткіге қарсы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *