Жарияланған күні: 21.09.2024
Шал ақын ауданында көлік қағып кеткен қарт әйел көз жұмды
Шал ақын ауданында қыркүйектің 14-і күні оқыс оқиға орын алады. Көлік жүргізушісі зейнеткерді қағып кетті.
СҚО ПД мәліметінше, ЖКО туралы ақпарат «102» арнасына қыркүйектің 14-і күні келіп түсті. Анықтадғандай, теміртұлпарды тізгіндеген 30 жастағы әйел 66 жастағы жаяу жүргіншіні басып кетті. Жәбірленуші дереу аудандық ауруханаға жеткізілді. Алайда алған жарақаттарынан 66 жастағы зейнеткер әйел көз жұмды.
— ҚР ҚК бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы). Тергеу жүргізілуде, — деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.