Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

АЭС туралы: СҚО-да республикалық халықтық штаб тұрғындармен кездесуде

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі  Елнұр Бейсенбаев бастаған халықтық штаб мүшелері  Аққайың ауданындағы  Чапаев ауылында орналасқан «Қызылжар сүт» ЖШС-нің  алаңында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті. Астаналық меймандарға   облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны таныстырылды.

Соңғы 5 жылда  өңірде сүт өндірісі 100 мың тоннадан асқан, яғни ел аумағында өндірілетін сүттің 10 пайыздан астамы  астықты өлкеге тиесілі. Шағын және орта бизнес субьектілері  «Ауыл аманаты» жобасы аясында  79 млрд. теңге болатын  12,7 мың несие рәсімдеп,  қаржыны мал сатып алуға, жылыжайлар салуға, техниканы жаңартуға және тағы басқа салаларға бағыттады.

 

   — АЭС ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуда стратегиялық маңызға ие. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер атом реакторларын тексерілген және сенімді энергия көзі ретінде кеңінен тұтынады.  Әлемде атом станцияларын барынша ерте әрі көп салу бойынша қызу пікірталастар жүріп жатқаны белгілі. Қазақстанға тоқталатын болсақ, жеке атом өнеркәсібін дамытуға барлық мүмкіндік бар. Уран қоры бойынша 2-ші орындамыз, оны өндіру ісінде 1-ші орында тұрмыз. Энергия тапшылығы проблемалы жағдайға айналса, АЭС осы мәселені шешіп, тұрақты энергия көзінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісінің одан әрі өсуінің бірден-бір кепілі болмақ, – деді ол.

Ядролық физика институты бас директорының орынбасары Евгений Ермаковтың айтуынша,  атом энергиясы әлемнің 30-дан астам елінде қолданылады және де экологиялық таза әрі сенімді энергия көзі саналады. Жиынға қатысқан жергілікті агроқұрылым өкілдері өздерінің АЭС құрылысына мүдделі екендіктерін жеткізді. Оған кәсіпорындардың жүйелі жұмыс істеуіне қажет әрі сенімді энергиямен қамтамасыз ететінін алға тартты.

СҚО-да бөгеттерді нығайту жұмыстары басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *