Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Зейнеткер 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зейнеткерді  соттады. Оған кәмелет жасына толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген айып тағылған.

Облыстық  соттың  баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың наурызында және 2022 жылдың жазында С. есімді зейнеткер 16 жасқа толмаған Б. есімді қызбен жыныстық қатынасқа түскен.  Айыпталушы кінәсін мойындаудан толық бас тартса да, оның қылмысын куәгерлер әшкереледі. Сондай-ақ сот сараптамасының қорытындысы, заттай айғақтар және істің басқа да материалдары оның кінәлі екенін көрсетті.  Прокурор, зардап шегушінің өкілдері ер адамды бас бостандығынан айырып, белгілі бір қызметтермен айналысуға өмір бойына тыйым салуды сұрады.

Сот үкімімен С. Қылмыстық кодекстің 122-бабы 3-тармағының 1-бөлімі — «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бабы бойынша 13 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

СҚО полициясында кадрлық ауыс-түйіс

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *