Есірткі сатқан әйелдер жауапқа тартылды
2024 жылдың қаңтарында облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавлға есірткі жеткізудің ірі арнасының алдын алып, 37 және 33 жастағы екі кәсіпкерді ұстады.
Жеке тінту кезінде және әйелдердің тұрғылықты жері бойынша 158 грамнан астам α-PvP табылды. Сондай-ақ электронды таразы, орау материалы тәркіленді. Сонымен қатар ұсталғанға дейін 37 жастағы әйел Алматы қаласына барып, онда 0,5 келіден астам α-PvP есірткісін сатып алып, осы партияны Петропавлға жеткізуді ұйымдастырған.
Осылайша екі кәсіпкер әйелден барлығы 700 грамм есірткі тәркіленді. Бұл есірткі – облыс полицейлері биыл тәркілеген «синтетиканың» ең ірі партияларының бірі.
Петропавл қаласының 37 жастағы тұрғыны 11 жылға, оның сыбайласы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.