Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Құрылысы ұзаққа созылған хоккей корты пайдалануға берілді

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің араласуымен Айыртау ауданына қарасты Саумалкөл ауылында құрылысы 3,5 жылға созылған жабық хоккей корты пайдалануға берілді.

Ведомствоның мәліметінше,  оның құны — 111,4 млн теңгені құрайды. Спорттық нысан 2022 жылдың қаңтар айында халықтың пайдалануына тапсырылуы тиіс еді. Алайда, мердігер – «Аквабилд» ЖШС жосықсыздығына байланысты, жоспарланған мерзімге құрылымның тек іргетасын құю бойынша жұмыстар атқарылған.

Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің араласуынан кейін, құрылыс мерзімін бірнеше рет бұзу себебінен тапсырыс беруші «Аквабилд» ЖШС-мен шартты бұзды.

Нәтижесінде «Sport Equipment» жаңа мердігерлік ұйымы анықталып, барлық жұмыстар кестеге сәйкес орындалды және хоккей корты сәтті пайдалануға берілді.

Балалардың құқығы қорғалуы тиіс

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *