Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 300-ден астам өрт оқиғасы тіркелді

Өткен тоғыз айда Солтүстік Қазақстан облысында 300-ден астам өрт оқиғасы орын алып, салдарынан жиырма үш адам, оның ішінде үш бала қайтыс болды.

Жақында ғана облыс орталығындағы Зайцева көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған өрттің салдарынан екі ересек адам және 2021 жылы туған  бала қаза тапты. Ал келесі күні «Ракета» саяжай қоғамындағы  үйден өрт  шығып, оқиға орнынан  егде жастағы ер адамның  мүрдесі табылды.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өрттің  дені электр жабдықтарын монтаждау мен пайдалану ережелерінің бұзылуынан, жылу пештерін орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан туындауда.

Өрттің басым бөлігі тұрғын үй секторына  тиесілі.  Атап айтқанда, 226 жағдай (жалпы санның 74 пайызы) тұрғын үйлерде, 47 жағдай (15 пайызы) автомобиль көлігінде, 27 жағдай (10 пайызы) бақылау объектілерінде, 3 жағдай (1 пайызы) ашық аумақтарда орын алған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары солтүстікқазақстандықтарға сақ болуды, жылу беру кезеңі басталғанда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Үйлердің, пәтерлердің өрт қауіпсіздік жағдайын мұқият тексеріп, пештің, электр желілері мен электр приборларының дұрыс жұмыс істеп тұрғанына ерекше назар аудару қажет. Пештерге тым көп отын салмау және оларды қараусыз қалдырмау керек. Әсіресе, пешті балаларға тапсырмаған жөн. От жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын қолданудан мүлдем аулақ болыңыздар.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және газбен улануды болдырмау мақсатында қатты отын жағылатын пештерде  мұржаны жабуды тоқтату керек.

Биыл СҚО-ға 11 дәрігер маман келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *