СҚО-да ювеналды полиция инспекторы екі есірткі қылмысын анықтады
Тамыз айында “Тұрмыс. Қадағалау. Алкоголь” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік инспектор Нұрлыбек Оспанов тексеруге келген үйлердің бірінде марихуананың иісін және осы үйде тұратын 42 жастағы азаматтың есірткіні пайдаланғаны айқын көрінетін белгілерді байқаған. Медициналық куәландыру ер адамның есірткілік масаң күйде болғанын көрсетті.
Анықталғандай, ол марихуананы үйге жапсарлас салынған бөлмеде сақтаған. Тәркіленген заттың салмағы – 143 грамм. Ал тамыз айының соңында ауданда тұратын әйелдердің бірі Оспановқа жүгініп, өзімен бірге тұрып жатқан ер адамның оғаш қылықтары туралы хабарлаған. Бұдан қорыққан 5 пен 15 жастағы балалар моншада жасырынған, әйелін үйіне кіргізгісі келмеген.
Полицейлер есірткілік масаң күйдің белгілері анық көрініп тұрған ер адамды тыныштандырды. Нұрлыбек қора-қопсыны тексеру кезінде марихуананы шегуге арналған қолдан жасалған құрылғыны тапты. Бұдан бөлек, учаскелік инспектордың көзіне ойыншық көлік түскен. Үй иесі оның ішіне шамамен 6 грамм марихуана жасырып қойған екен.
– Қазіргі уақытта мамлюттік екі тұрғынды де есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша тергеу жүріп жатыр. Қызметкерлер күдіктілердің отбасыларындағы жағдайды бақылауда ұстап отыр, – деп нақтылады аудандық ПБ бастығы Петр Климов. Полиция қызметкері Оспановтың қырағылығы басшылық назарынан тыс қалмады: оны көтермелеу туралы өтінішхат жіберілді.