Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл тұрғындары жолаушылар қауіпсіздігіне алаңдаулы

Билік пен бұқараның арасын нығайтып, азаматтар өтініштерінің орындалуын  қадағалау мақсатында  облыс орталығында қабылдау күні өтті. Бірнеше сағатқа созылған шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, оның орынбасарлары және басқарма басшылары қатысты. Қала әкіміне қызылжарлықтар өз сауалдарын жолдады. Олардың бірі жолаушылар қауіпсіздігіне байланысты еді. 

Петропавлдағы көшелердің бірінде қиылыста жеңіл көлікпен қатар автобустар мен жүк көліктері де жиі жүреді. Жақын маңда жаңа үйлер, Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма   театры, мектеп, Спорт сарайы болғандықтан жаяу адамдар да көп. Тұрғындар бұған дейін қалалық әкімдіктегілерге бұл мәселені бірнеше мәрте айтқанымен, мардымды жауап ала алмаған. Ондағылар бағдаршамды орнату, орнатпау туралы нақты шешім шығармапты. Жолаушылардың қауіпсіздігіне алаңдағандар енді облыс әкімінің қабылдауына келіп отыр. Өңір басшысы аталған сұраққа жауап беру үшін қала әкімі Серік Мұхамедиевті шақырды.

  — Бағдаршам алғашында жобада болмағаны рас. Тұрғындардың өтінішінен кейін біз оны жобаға қостық. Жұмыстар биыл орындалуы тиіс. Шамамен бір айдан кейін бағдаршам қойылады. Аталған көшедегі қазу жұмыстарына келсек, шұңқырлар электр желілерін тарту аяқталғаннан кейін тегістеледі. Арықтардың әуел баста дұрыс жобаланбағаны белгілі болды. Бұл мәселелердің шешіміз іздейтін боламыз. Сонымен қатар келер жылы аталған көшеге асфальт төсеу жоспарда бар, — деді Серік Мақсұтұлы.

Ғауез Тоссанұлы қала басшысына бірқатар тапсырмалар беріп, осы және қабылдау барысында көтерілген өзге де мәселелер бақылауға алынатынын айтты.

СҚО полициясының көмегіне 119 тұрғын жүгінді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *