СҚО полициясының көмегіне 119 тұрғын жүгінді
Бүгін сағат 14:00-ден бастап Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында облыс әкімі мен мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті.
Өңір тұрғындарының сұрақтарына ПД бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев және жетекші қызметтердіңбасшылығы жауап берді. акция аясында тәртіп сақшылардың көмегіне бес адам жүгінді. Негізінен қойылған сұрақтар жол қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты болды, оның ішінде Оқушылар сарайының жанындағы жол қауіпсіздігі де бар.
Қала тұрғынының бірі абаттандыру тақырыбын қаузап, интернет-алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуге қатысты сұрақтарды қойды. Қосымша тексеруді қажет ететін сұрақтар болмады, барлық сұраққа толық жауап берілді.
Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыруға қатысты халыққа Жолдауында қойылған міндеттерді орындау шеңберінде өткізілді. ПД басшылығы азаматтармен белсенді қарым-қатынас жасау үшін әрдайым ашық.
Жыл басынан облыстық полиция бастығының жеке қабылдауында 57 солтүстікқазақстандық болып қайтты, ал оның орынбасарлары 62 адамды қабылдады.