Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жайылымдық жер жеткілікті ме?

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы жүргізген мониторинг  бойынша  өңірде бағылатын төрт түлікке 763 мың гектар жайылымдық жер қажет деп есептелсе, бары – 823 мың гектар.

Басқарма басшысының орынбасары  Жалғас Сүлейменовтың айтуынша, 2022 жылдан бері   игерусіз қалған 621,4 мың гектар алқап мемлекет меншігіне  қайтарылған. Оның 112,2 мың гектары егістік болса,  қалғаны–жайылымдық жерлер.

«Жер аманаты» комиссиясының отырысында 387,6 мың гектар жердің  қайта бөлінгені айтылды. Атап айтқанда, мал жаюға 171,7 мың гектар жер телімі қарастырылса, ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін азаматтарға 215,9 мың гектар үлестірілген. Жеке шаруашылықтар үшін жайылымдық жерлерге деген тапшылық байқалмайды.

Алдағы уақытта да заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары жалғасады. Егер жер пайдаланушы адал жұмыс істеп, инвестиция құйып, ауылды дамытып, жұмыс орындарын ашса, ешқандай мәселе туындамайды.

Бағылатын мал басының жүктемесі 50 пайыздан аз болса, жайылым мақсатты пайдаланылмаған болып табылады.

Студенттерге жайлы жатақхана ашылды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *