Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда ағашты терең өңдейтін зауыт ашылды

Республика күні қарсаңында ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев пен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен «Nord Panels» ағашты терең өңдеу жаңа зауыты іске қосылды.

Түрік инвесторы Оғузхан Челиктің жобасын жүзеге асыру мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болды. Келешегі зор жобаға 8 млрд.тг теңге инвестиция тартылды, 300 адам жұмыспен қамтылады. Жоғары технологиялық заманауи қондырғылар орнатылды. Жаңа кәсіпорын толық қуаттылығына шыққанда жылына 50 мың текше метр ламинатталған фанера  шығарады. Елімізде аталған өнімнің импорты 13 пайызға азаяды.

Осылайша, «Qyzyljar» АЭА аумағында ағаш өңдеу кластері құрылуда. Сонымен қатар, жанармай түйіршіктерін шығаратын желі іске қосылуда. Сондай-ақ ДСП, химиялық құрамдас бөліктер мен жиһаз өндірісін жолға қою жоспарлануда. 2027 жылға дейін кластерге барлығы 25 млрд теңге инвестиция салынады.

Сондай-ақ сапар барысында Премьер-Министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев жылыжайды, қағаз өнімдері фабрикасын, сүт зауытын аралады, сондай-ақ ЖЭО-2, жылу желілері кәсіпорнының жұмысымен танысып, жол өткелінің құрылысын бақылады.

Бірыңғай қабылдау күнінде 708 адам сауалдарын жолдады

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *