Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+2°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
21:36:18Суббота

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 9 айдың ішінде 1 млрд. теңге үнемделді

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары мемлекеттік сатып алу жүйесін тексеріп, жөнсіз сатып алулардың жолын кесті.

Жүйеленген жұмыстың нәтижесінде мемлекет қаржысын үнемсіз, тиімсіз пайдалану фактілерін алдын алды. Антикор ақпаратына сәйкес, 9 айдың ішінде «Сатып алудың бірыңғай терезесі» порталына мониторинг жүргізіліп, 1 млрд. теңгеден астам қаражат үнемделді.

— Петропавл қалалық тұрғын үй, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қымбат дәрілік ұнтақтың 80 тоннасын 34 млн. теңгеге сатып алмақ болған. Ал Жамбыл ауданында қымбат бағаға білім ордаларына жаңа қазандықтар орнату көзделген. Сатып алу құны тым өсіріп көрсетілген. Келісімдердің күші жойылып, 103 млн. теңге үнемделді, – деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.

Алаяққа қатысты сот үкімі шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *