Адам өлтіруге оқталды деген күдікке ілінген азамат Арменияда ұсталды
Армения Республикасының полицейлері СҚО тәртіп сақшыларымен бірлесе кісі өлтіруге оқталғаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген қазақстандықты ұстады.
Полиция мәліметінше, қыркүйек айының соңында Петропавл қаласындағы көпбейінді үшінші қалалық ауруханасына бірнеше пышақ жарақаты бар қала тұрғыны түсті. Медицина қызметкерлерінен хабарлама алғаннан кейін полиция дереу қылмыскерді анықтау және ұстау шараларын қабылдады. Бейнебақылау камераларының арқасында қызметкерлер күдіктіні анықтағанымен күдікті қылмыс жасағаннан кейін Ресей Федерациясының шекарасынан асып кеткені белгілі болды.
— Ер адамға мемлекетаралық іздеу жарияланды. ТМД елдеріндегі әріптестерімен жедел ақпарат алмасу кезінде күдіктінің жолын қадағалау мүмкіндігі туды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Оны ҚР-на экстрадициялау шаралары жүріп жатыр, — СҚО ПД баспасөз қызметі.