Полицейлермен 5 мыңнан астам саяжай учаскесі тексерілді
СҚО-да полицейлері “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, тәртіп сақшылары 5,7 мың саяжай учаскесін аралап шықты.
“Учаске” ЖПІШ 16 қыркүйектен бастап жүргізіліп жатыр. 50 күннің ішінде тәртіп сақшылары 347 жалдамалы пәтерді, 5700 аса саяжайды тексерді. Сонымен қатар полицейлер 1200 аса шаруа және фермерлік қожалықтарды, еңбекті пайдалануы мүмкін деген 367 адам тұратын қыстақ пен ағаш кесетін орындар тексерілді.
Полицияда түрлі есепте тұрған 11,5 мыңнан аса адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Базарлар мен тұрмыстық емес, қолданыста болған тауарларды сату орындарында 602 рейдтік іс-шара жүргізілді.
Есірткі граффитиді анықтау мен бояу жұмыстары жүргізілді. Қару иелеріне де тексеріліп жатыр. 6094 адам тексеріліп, 54 қаруды сақтау ережесін бұзу, 60 тіркеу мерзімі мен қаруды қайта ресімдеу бұзушылығы анықталды. Көбінесе қару сақтайтын сейфтерде түрлі құнды заттар сақталынады.
– Ақша, құжат, құнды заттар және қаруға қатысы жоқ басқа да заттарды қару сақтайтын сейфке салуға тыйым салынады. Осы 50 күннің ішінде заңсыз айналымнан 12 тіркелмеген тегіс ұңғылы қару алынды, – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.