Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Бір малға екі рет екпе егудің 15 мың фактісі анықталды

Облыс прокуратурасы ветеринариялық қауіпсіздік саласында бірнеше заң бұзушылықты анықтады. Салдарынан ірі қара малдың бруцеллезбен ауруы үш есе, үй жануарларының өлімі шамамен 2 мың басқа артқан. 

СҚО прокуратурасының мәліметінше, өткен жыл және биылғы 9 ай бойынша ветеринариялық заңнаманы сақтау мәселесі қаралған кезекті алқа отырысы өтті. Жиында ірі қара малдың бруцеллезбен ауруы 272-ден 613-ке, ал ауыл шаруашылығы жануарларының өлімі былтырғы 11 519-дан биыл 13 395 басқа дейін айтарлықтай өсуіне назар аударылды.

Мал қорымдарының талапқа сай болмауы, жеткілікті мөлшерде сою пункттерінің салынбауы алқа отырысында айтылды. Жануарларды жалған вакцинациялау деректері де анықталған. Сондай-ақ бір малға екі рет екпе егудің 15 мың фактісі белгілі болды. Салдарынан бұл заң бұзушылықтар мен кемшіліктер облыс аумағында жағымсыз эпизоотиялық жағдайға алып келген.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңының қолданысқа енгізілуімен қаңғырған иттерді ату практикасы тоқтатылды. Алайда, ветеринарлық қызметтер Заңда көзделген жұмыстың жаңа форматын әзірлемеген. Салдарынан өңірде тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген қаңғырған иттердің саны өсіп отыр.

Мамандардың айтуынша, биыл қаңғырған иттерден 350-ден астам адам зардап шеккен, оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс прокуроры уәкілетті мемлекеттік органдардан жылдан жылға қайталанатын жүйелі заң бұзушылықтарды жоюды талап етті, сондай-ақ сібір жарасынан өлген мал қорымдарын жөнге келтіруді, жаңа сою пункттерін салу мәселелерін шешуді тапсырды.

Облыс әкімдігіне өңірдегі эпизоотиялық жағдайды жақсарту үшін ұзақ мерзімді өңірлік бағдарлама әзірлеу ұсынылды.

Облыста есірткі жасырған көкшетаулық азамат ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *