СҚО-дағы көктайғақтың салдары
Кеше ғана бораған қар мен көктайғақтың салдарынан бір тәуліктің ішінде бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді. Сондай-ақ 3 адам дене жарақаттарын алып, ауруханаға жүгінді.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте адамдар жарақаттанған үш үлкен жол-көлік апаты тіркелді. Оның бірі «Астана-Петропавл» республикалық маңызы бар автожолда орын алды. «Volkswagen Passat» автомашинасының жүргізушісі рөлді басқара алмай «Mersedes» маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан екі адам жарақат алды.
Қалың жауған қар трассалардағы жағдайды күрт қиындатып жіберді. Боран кезінде «Астана-Петропавл» автожолының 446-шақырымында жүк көлігі жол жиегіне шығып кетті. Полицейлер ауыр жүк көлігін жолға қайтару үшін басқа жүк көлігін тауып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
«Көкшетау-Рузаевка» автожолының 77-шақырымы Антоновка ауылы маңында ГАЗель көлігі жолдан шықты. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Тәртіп сақшылары тиегіш пен манипуляторды іздеуге көмектесіп, көп ұзамай автокөлік сапарын жалғастыра алды.
Полицейлер жүргізушілерді әсіресе көктайғақта аса қырағылық танытуды, міндетті түрде қысқы дөңгелектерге ауыстыруды, көлікті шұғыл тежеуге болмайтыны ескертеді. Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін мүлтіксіз сақтау, маневрлер мен басып озу кезінде қырағылық танытып, сондай-ақ қажетті ара қашықтықты сақтаған жөн.
Полицейлермен 5 мыңнан астам саяжай учаскесі тексерілді