СҚО дене шынықтыру басқармасының басшысы қызметінен кетті
СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Сергей Мелеховтың қызметінен кеткені туралы хабар әлеуметтік желілерден белгілі болды. Аталмыш ведомство жетекшісі бұл туралы өз «Инстаграм» акаунтында жазды.
Басқарма басшысы әлеуметтік желідегі жазбасында соңғы жылдары өңірдегі спорт саласындағы жетістіктері туралы баян етіп, облыс әкіміне алғысын білдірді.
— Құрметті солтүстікқазақстандықтар, спортшылар мен спорт сүйер қауым! 4 жарым жылдың ішінде мен үш облыс басшысымен қызмет еттім. Олардың қолдауы арқасында біздің өңірдегі спорт саласы талай асуларды бағындырды, — деген Сергей Мелехов 2020 жылдан бастап, облыста салауатты өмір салтын ұстанған жандардың қатары артқанын да алға тартты.
Сергей Мелеховтың айтуынша, облыста 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 11 жабық хоккей корты, 244 спортшыға арналған жатақхана тұрғызылды. Сондай-ақ «Қарасай» стадионының құрылысы жалғасуда.
Әзірге Сергей Мелеховтың орнын басатын басшының есімі белгісіз.
Бір малға екі рет екпе егудің 15 мың фактісі анықталды