Петропавл жолдарындағы қауіпсіздік — басты назарда
“Көлікте бала бар!” акциясы 19 қарашада атап өтілетін Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күніне орайластырылған болатын. Тәртіп сақшылар жол қозғалысы қауіпсіздігіне негізделген апталық ұйымдастыруда жөн көрді.
Полицейлер Петрпавл көшелерінде акция ұйымдастырып, жүргізушілерге 12 жасқа толмаған жолаушыларды тасымалдау кезінде балаларды ұстау құрылғысын пайдалану міндетті екенін еске салды.
Балалардың жолдағы қауіпсіздігін нығайту – жүргізіліп жатқан профилактиканың негізгі басымдықтарының бірі. Осы мақсатта тәртіп сақшылары қараңғыда киюге арналған шағылыстыратын элементтерді таратты.
– Жыл басынан бері СҚО аумағында 109 жол апаты тіркелді. 3 адам қаза тауып, 132 кәмелетке толмаған жараланды. Жағдайлардың жартысына жуығында олар жолаушылар болды. Демек жүргізушілермен күшейтілген жұмыс қажет. Сонымен қатар басқа да ақпараттық-насихаттық іс-шаралар жоспарлануда. Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығының соңында полиция қызметкерлері донорлық қан тапсыру бойынша акция өткізеді, – деп атап өтті СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.