Петропавлда бір күнде 7 интернет-алаяқтық фактісінің беті ашылды
Петропавлда интернет-алаяқтықпен күреске бағытталған “Аnti fraud” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. ЖПІШ бірінші күнінде СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Петропавлдың ірі базарларының бірінде жадынамалар тарату бойынша акция өткізді.
Қалалық әкімдіктің жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірге тәртіп сақшылары адамдарға алдаудың кең таралған тәсілдері туралы айтып берді. 10 айда СҚО-да 606 интернет-алаяқтық жасалды. Оның 289-ы “банктен қоңырау шалу” схемасы бойынша тіркелген. Бұдан басқа, ЖПІШ шеңберінде веб-кеңістіктің мониторингі күшейтілді. КПБ жедел қызметкерлері танымал хабарландыру сайттарын, әлеуметтік желілердегі жұртшылықты тексереді.
ЖПІШ бір күнінде заңсыз мазмұны бар сайттарға 10 сілтеме, негізінен жалған хабарландырулар анықталды.
– Бұл сілтемелер бұғаттау үшін “Кибербақылау” жүйесіне жіберілді. Сондай-ақ өткізілген іс-шаралар барысында 6 интернет-алаяқтық, оның ішінде бұрын жасалған 4 алаяқтық және облыс тұрғыны тауарларды басқа біреудің банк картасымен төледі деп күдіктенген интернет-ұрлықтың бір фактісі анықталды, – деп түсіндіреді СҚО ПД КПБ бастығы Иван Терзиди.
Петропавл жолдарындағы қауіпсіздік — басты назарда