Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ның 460 мың тұрғыны «сақтандырылған» статусына ие

Жыл басынан облыста call-орталықтың 1414 нөміріне денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер бойынша 339 адам арызданып хабарласты. 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, шағымдардың 131 — сапасыз медициналық қызмет көрсетуге, 86 — медициналық көмек көрсетуден және 37 — дәрілік заттармен қамтамасыз етуден бас тартуға, 22 — медициналық қызметтерді ұзақ күтуге қатысты. Сондай-ақ тұрғындар МӘМС мәселесі, емханаға тіркелу және медициналық этика мен деонтологияны бұзу бойынша хабарласқан.

Талдау көрсеткендей, шағымдар негізінен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емханалардың жұмысына байланысты. Бұл барлық түскен шағым мен өтініштердің шамамен 80%-ын құрайды.

Өңірде шамамен 524 мың адам тұрады, оның ішінде 460 мыңға жуық тұрғын әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында «сақтандырылған» мәртебесіне ие. Бұл 83%-ға тең.

Заңсыз аң аулауға барғандар жауапқа тартылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *