Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Заңсыз аң аулауға барғандар жауапқа тартылады

Облыста екі сібір елігін атып алған браконьерлер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өңірде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтер жүргізіліп жатыр.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққайың ауданының аумағында өткен осындай кезекті рейдке табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері, «Советское» аңшылық шаруашылығының директоры мен қорықшылары атысты.

Заңсыз аң атқандар ұсталды
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Олар орман ішінен мылтық даусын естіп, машина фарасының жарығын байқап қалады. Түнде көруге мүмкіндік беретін арнайы құрылғының көмегімен екі адамның сұлбасын және жануарлардың етін көлікке тиеп жатқанын көрген.

Заңсыз аң атқандар ұсталды
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Тәртіп сақшылары «Audi» автокөлігін тоқтатты. Оның ішінде ауданның 31 және 37 жастағы екі тұрғыны болған. Көліктің жүксалғышынан екі сібір елігі табылды. Ер адамдар аңшылықпен заңсыз айналысқан екен. Сондай-ақ көліктің салонынан 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы «МР» мылтығы, қызғылт түсті дақтар бар пышақ табылып, тәркіленді. Мылтық күдіктілердің ешқайсысының атына тіркелмеген.

— Күдіктілер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. «Бракоконьер» іс-шарасы 20 қазан мен 19 қараша аралығында өтіп жатыр. Мақсат — заңсыз аңшылыққа, аңшылық және балық аулау қағидаларын бұзуға жол бермеу. Жедел-профилактикалық іс-шара аясында заңсыз аң аулаудың 110 және аң-балық аулау қағидаларын бұзудың 15 дерегі анықталды, — дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы құрамындағы табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожабаев.

Аққайың ауданыда үш медициналық пункт ашылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *