Жарияланған күні: 14.11.2024
Айыртау аудандық білім бөлімінің есепшісі сотталды
Айыртау аудандық білім бөлімінің есепшісі сотталды. Лауазымын асыра пайдаланған бухгалтер өзіне және өзге қызметкерлеріне жалақыны заңсыз аударған екен.
Жалақыны заңсыз аудару арқылы білім бөлімінің қызметкері бюджеттен 4 жарым млн. теңге ұрлаған. Бұл факті расталып, ол кінәлі деп танылды. Сотталушы мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеді.
Аудандық соттың шешімімен бұрынғы есепші 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.