Есіл ауданында тауарлы-сүт ферманың құрылысы аяқталды
Есіл ауданына қарасты «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС бір мезгілде 2500 бас ұстайтын, соның ішінде «голштино-фризская» тұқымының 1400 ірі қарасына шақталған тауарлы-сүт фермасының құрылысы аяқтады.
Жоба құны — 11,7 млрд. теңге. Ферманың жалпы қуаттылығы жылына 7500 тонна сүтті құрамақ. Бүгінгі таңда жоба аясында 735 мал, оның ішінде 498 — Германиядан, 237 – дан Даниядан әкелінді. 2024 жылдың желтоқсан айына дейін Даниядан тағы 565 бас әкелу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта бұзау, сиыр, сүт сауу блогының, жем сақтайтын қойманың, санитарлық өткізу бекетінің құрылысы толық аяқталған.
«Айналмалы» сүт жабдықтары бір мезгілде 40 сиырды саууға мүмкіндік береді. Серіктестік қысқы маусымды ойдағыдай өткізу үшін 17,5 мың тонна пішен, 1,2 мың тонна шөп және 19,8 мың тонна сүрлем дайындаған.