Петропавлда тұратын майдангерге мерейтойлық медаль табысталды
Петропавлда Қазақстандағы Беларусь Республикасының елшілігі майдангер Василий Макиенкоға «Беларусьті фашистік басқыншылардан азат етуге 80 жыл» мерейтойлық медальді табыстады.
Василий Макиенко — 98 жаста. Ол небәрі 17 жасында майданға аттанып, Беларус елін фашистік басқыншылардан азат етуге атсалысты. Соғыс ардагері Ұлы Жеңісті Кенигсберг қаласында қарсы алды. Бүгіндері ерең ескеріліп, мерейтойлық медаль табысталды.
Ардагердің сөзінше, Екінші дүниежүзілік соғыс әр отбасы үшін ауыр тиді. Әрбір ер азамат сұм жылдары ел қорғаны бола білді.
— Мен әуе-десантшылар қатарында Отан алдындағы борышымды өтедім. Сұм майданда Беларусь елін азат еттім. Кейін сол елде қалып, аяқ киім фабрикасында еңбек етіп, сүйіктімді кездестірдім. Үйленген соң, елге оралдым. Туған жерімде су кәсіпорнында қызмет еттім. Жыл сайын Ұлы Жеңіс күнін асыға күтемін. Бұл мереке мен үшін маңызды, — дейді Василий Макиенко.
Айта кеткен жөн, Василий Макиенко «2-дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдармен марапатталған.