Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Бір отбасын үйінде өлтіргендерге қарасты жаза ауыстырылуы мүмкін

Петропавл қаласында қазан айының соңында ерлі — зайыпты мен олардың 17 жастағы ұлын өлтіріп кеткен үшеуге қатысты сот үкімі шықты. Көпшіліктің пікірінше, үш адамның қанын мойнына жүктеген қылмыскерлерге кесілген жаза тым жеңіл.

Әлеуметтік желіде кісі қолынан қайтыс болған ерлі-зайыпты Приходченколардың қызы Татьянаның бейнежазбасы тарады. Бойжеткен қоғамнан және құқық қорғау органдарынан әділдік сұрайды.

За коррупцию осудили директора социального центра в СКО
Естеріңізге салайық, 2023 жылдың 28 желтоқсанында жерлеу рәсімдерімен айналысатын кәсіпкер Вадим Приходченко мен әйелі Юлия және олардың кәмелетке толмаған баласы Юрийдің денелері өз үйлерінде табылды. Көп ұзамай күдіктілер ұсталды. Сот отырысы бір жылға жуық уақытқа жалғасты.

Биыл 28 қазан күні облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үшеуге қатысты үкім шықты. Сот Сергей Емельяновты өмір бойына бас бостандығынан айырды. Данил Орловқа сот 21 жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ал үшіншісі — Ирина Скоробогатова үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Облыстық  прокураторасының өклдері бүгін осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

— СҚО прокуратурасы Приходченко отбасын өлтіру фактісі бойынша көптеген жарияланымдар мен түсініктемелерге сүйене отырып, кінәлілер:  Сергей Емельяновты өмір бойына бас бостандығынан айыруға,  Данил Орловты 21 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға, Ирина Скоробогатованы 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталғанын хабарлайды.  Данил Орловқа  және Ирина Скоробогатоваға қатысты жазаның жеңіл болуына орай облыстық прокуратура бұл үкіммен келіспеді. Осыған байланысты 2024 жылдың 12 қарашасында облыстық сотқа апелляциялық шағым енгізілді, — делінген хабарламада.

Петропавлда қоғамдық көлік саны қысқара ма?

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *