Жарияланған күні: 18.11.2024
Петропавлда курсанттарға жаңа казарма салынып аяқталды
Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының жаңа казармасы ашылды. Оның ашылуына СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков пен ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Сакентай Шекарбеков қатысты.
Бұл маңызды шара әскерилеріміздің қызметі мен өміріне қолайлы жағдай жасауға деген жоғары деңгейдегі қамқорлықтың белгісі болып табылады. Заманауи казарма ғимараты жеке құрамның жайлы орналасуына бар жағдай жасалған. Кең жатын бөлмелер, жаттығу залдары мен демалыс бөлмелері ең жоғары стандарттарға сай жасақталған.
— Мұның бәрі ұлан сарбаздарының жауынгерлік дайындығын және рухын нығайтуға бағытталған. Жаңа казарманың ашылуы – ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күш құрылымдарының инфрақұрылымын дамытудағы тағы бір маңызды қадам, — деп атап өтті өңір басшысы.