Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+17°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
16:36:16Суббота

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да кәмелетке толмағандардың отбасылары жауапқа тартылды

СҚО-да полицейлер 3 күн ішінде жасөспірімдердің түнгі серуенінің 73 фактісін анықтады. Ювеналды полицейлер өткен демалыс күндері полицияның басқа бөліністерімен, мүдделі ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, “Түнгі қаладағы балалар” облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеді.

Түнгі көшелерде, көңіл көтеру орындарында, компьютерлік клубтарда күшейтілген рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Демалыс күндері облыс бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үй-жайдан тыс болуының 73 фактісі анықталды. 11 жағдайда жас құқық бұзушылар мас күйде болған. Бұдан бөлек, 29 ата-ана кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 20-сы жедел-профилактикалық іс-шара барысында анықталып, полицияға есепке алынды.

– Ювеналды полиция қызметкерлерінің жүргізіп жатқан жұмысының мақсаты – өскелең ұрпақты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардан қорғау, олардың тарапынан жасалуы мүмкін заң бұзушылықтардың алдын алу. Бұл – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру шеңберіндегі жұмыстың маңызды бағыты, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Бір отбасын үйінде өлтіргендерге қарасты жаза ауыстырылуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *