Петропавлдық жастар есірткіге қарсы
Қала жастары нашақорлық пен есірткінің белең алуына қарсы екендіктерін акция аясында дәлелдеді. Белсенді өскелең ұрпақ өкілдері тұрғындар арасында ғасыр індеті туралы сауалнама өткізіп, нашақорлықпен күрес жолдары жайлы ақпарат таратты.
2024 жылы облыс полицейлері есірткі қылмысына қатысты 220 фактіні анықтаған. Заңсыз айналымнан 760 кг түрлі есірткі заты тәркіленіпті. Оның жеті килограммы синтетикалық есірткіге жатады. Қазіргі кезде бұл – ғасыр індеті болып отыр. Әсіресе, жастар арасында нашаға тәуелділік басым.
— Біз жастарға есірткі саудасы, заңсыз есірткі айналымы үшін қандай қылмыстық жауапкершілік көзделгенін айтып түсіндіреміз. Рейдтер де жүргіземіз. Студенттерді арнайы сот отырыстарына да қатыстырамыз. Есірткі таратқан сотталғандармен де кездесу ұйымдастырдық. Мұның барлығы жастардың бойын есірткіден аулақ ұстауға септеседі деген сенімдеміз, — деді СҚО ПД басқармасының жедел уәкілі Зарина Попова.
Полицейлер мен еріктілер жыл басынан бері 850 түрлі форматтағы іс-шаралар өткізген. Оларға бұл істе жастар ресурстық орталығының мамандары көмектесуде. Мәселен, осы жолы олар облыс орталығының көшелерінде үнпарақтар таратты.
Бағалы шаяндарды аулағандар жазаланды