Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Алаяқтарға алданған Петропавл тұрғыны 1 млн. теңгесін қайтарып алды

Петропавл тұрғынына белгісіз біреу мобильдік қосымша арқылы алаяқтық жолмен 2 млн теңге несие рәсімдеген. Соттың шешімімен зардап шегуші соманың жартысын қайтарып алды. Бұл туралы «Законопослушный гражданин» тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Петропавл қаласының №2 сотына облыс орталығының тұрғыны ақшасын өңдіріп алу туралы талап арызбен жүгінді.

Арызданған әйелдің айтуынша, 2003 жылдың қаңтар айында оған белгісіз біреу хабарласып, өзін «Қазақстан Ұлттық банкі» АҚ қызметкері ретінде таныстырып, мобильдік қосымша арқылы алаяқтық жолмен 2 млн теңге несиені рәсімдеген.

Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Қылмыстық істі тергеу барысында несиеге алынған қаражаттың бір бөлігі – 1 млн теңге сол күні жауап берушіге тиесілі шотқа аударылғаны анықталды.

Азаматтық кодекстің 953 бабына сәйкес негізсіз иемденген мүлікті иесіне қайтаруға міндетті.

Тергеу барысында талап берушінің шотынан жауапкердің шотына ақшалай қаражат аударылғаны анықталды, бұл және жауапкердің ақшаны алғанын банк растады.

Осыны ескере отырып, сот талап арызды толығымен қанағаттандырды. Жауапкер талап берушіге 1 млн теңгені қайтарып беруі тиіс.

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Петропавлдық еріктілер қарияларға қолғабыс көрсетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *