Петропавлда қоғамдық көлік мәселесі шешімін тапты
Петропавлда жолаушы тасымалдаушылардың шығынын жабу үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлінді. Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Әсем Айтулованың айтуынша, биыл кәсіпкерлерге 2,7 млрд. теңге субсидия берілді.
— Бюджеттік комиссия бөлінетін субидия мөлшерін қайта қарастырды. Қосымша қаржы бөлу туралы шешімге сәйкес енді 363 млн теңге қаржы бөлінгелі отыр. Оның 300 млн теңгесі – жолаушы тасымалдаушыларды субсидиялауға, қалған 63 млн теңгесі – қоғамдық көлікте тегін жүруге жеңілдігі бар азаматтар үшін берілді, — деді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.
Петропавлда 12 санат бойынша 5,5 мың адам қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына ие. Олардың ішінде 1-2 топ мүгедектігі бар адамдар, мүмкіндігі шектеулі балалар, майдангерлер, көп балалы аналар және олардың балалары бар.